Добрый день! Продолжим изучение казахского языка. Казахский язык. Урок 39.

39 [тридцать девять] - 39 [отыз тоғыз]
Поломка машины – Көліктің сынуы
 
Где тут ближайшая заправка? - Келесі жанар-жағармай бекеті қай жерде?
У меня пробито колесо. - Менің дөңгелегім жарылып қалды.
Вы можете поменять колесо? - Сіз дөңгелек ауыстыра аласыз ба?
                
Мне нужны несколько литров дизельного топлива. - Маған бірнеше литр дизель майы керек.
У меня кончился бензин. - Жанармайым таусылды.
У Вас есть запасная канистра? - Сізде қосалқы канистр бар ма?
                
Откуда я могу позвонить? - Қай жерден қоңырау шалсам болады?
Мне нужен эвакуатор. - Маған эвакуатор керек.
Я ищу автомастерскую. - Мен автошеберхана іздеп жүрмін.
                
Случилась авария. - Көлік апаты болды.
Где тут ближайший телефон? - Ең жақын телефон қай жерде?
У Вас есть с собой мобильник? - Жаныңызда ұялы телефон бар ма?
                
Нам нужна помощь. - Бізге көмек керек.
Вызовите врача! - Дәрігер шақырыңыз!
Вызовите полицию! - Полиция шақырыңыз!
                
Ваши документы, пожалуйста. - Құжаттарыңызды беріңіз.
Ваши права, пожалуйста. - Жүргізуші куәлігін беріңіз.
Ваш техпаспорт, пожалуйста. - Техникалық төлқұжатыңызды беріңіз.